Ақмола облысында ҚАЖ қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан XIV чемпионаты өткізілді
Қазақстан Республикасы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында Шучинск қаласында қоян-қолтық ұрыстан XIV чемпионаты өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Турнирге әр облыс өкілдерінен 20 команда бақтарын сынады. Жеңімпаз атағы үшін қатысушылар 55 келіден 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Қоян-қолтық ұрыс кез келген қарсыласқа бейімделуге, оның әлсіз жақтарын табуға және пайдалануға мүмкіндік беретін мүлдем әмбебап жекпе-жек өнері. Қоян-қолтық ұрыс әдістері қарапайым және өте тиімді, бұл көптеген жекпе-жек өнеріне қарағанда құнды өзін-өзі қорғау дағдыларын үйренуді әлдеқайда жылдам етеді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері өз қанжығаларына екі алтын, бір қола медальді иеленді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ №58 мекемесінің режим бөлімінің тексеру тобының қызметкері Нұрдәулет Жұрымбай жүлделі ІІІ орынды иеленді. Команда бапкері Дидар Рыспеков әділ төрешілік жасағаны үшін грамотамен марапатталды. Жүлделі орын алып келген қызметкерлерді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы Нияз Рыспаев жеке құрам алдында марапаттады.
-Қоян-қолтық ұрыс ішкі істер органдары қызметкерлерін түрлі қызметтік жауынгерлік тапсырмаларды орындауға үйретудің, дене дайындығы мен психологиялық тұрақтылығын арттырудың тиімді құралы, – деді Нияз Рыспаев, жеңімпаздарды құттықтап.