Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Динамошылар бабында!

Динамошылар қазақстандық спорт жанкүйерлерін жеңістерімен қуантып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Qazaqstan Barysy Grand Slam 2023

Астана қаласында өткен Grand Slam сериясының турнирінде динамошы Мағжан Шамшадин (60 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды. Олимпиадалық рейтингтің 10-шы сатысында тұрған қазақстандық спортшы финалда алдағы Олимпиада ойындарының өтетін елдің өкілі Револ Седрикті жеңді.

Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысы бойынша қола медальдар санымен Жапония командасынан озып, турнир кестесінде төртінші орынға ие болды. Үздік үштікте Испания, Италия және Франция құрамалары.

Спорттық гимнастика

Нариман Құрбанов Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатында спорттық гимнастикадан алтын медаль жеңіп алды. Спортшы ат үсті жаттығуларында ең үздік болды.

Бір күн бұрын Нариман Құрбанов, Милад Карими, Дмитрий Потанин, Диас Тойшыбек, Әлішер Тойбазаров және Ілияс Азизовтан құралған қазақстандық құрама командалық есепте алғаш рет құрлық біріншілігінің қола медалін жеңіп алды.

Бірінші орынды Қытай спортшылары, екінші орынды Жапония құрамасының өкілдері иеленді. Жеңіп алған медаль қазақстандықтарға күзде әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру