Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында сатушыларды жалған чекпен алдаған алаяқтар ұсталды

Ақмола облысында сатушыларды жалған чекпен алдаған алаяқтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қарашада Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне Красный Яр ауылының кәсіпкерінен өтініш келіп түсті. Әйел 12 тамыздан 15 қарашаға дейінгі кезеңде белгісіз тұлғалар алдау жолымен сауда нүктесінен 3 млн. 34 мың теңгеге азық-түлік өнімдерін иемденгенін хабарлады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 24 және 30 жастағы екі күдікті анықталды. Ер адамдар ұзақ уақыт бойы төлем туралы жалған чектер жасаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Полиция қызметкерлері сауда қызметкерлеріне қырағы болуды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру