Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жұмысшының қаза болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақмола облысында жұмысшының қаза болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 сәуір күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына Ташенов – Уәлиханов көшесінің қиылысында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшыны тоқ соққандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Көкшетау қаласының 20 жастағы тұрғыны оқиға орнында қайтыс болды.

Жас жігіттің жергілікті бір кәсіпорында жұмыс істегені анықталды.

Осы дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру