Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келестік тұрғынның суғаруға арналған моторын ұрлаған күдікті қолға түсті

Келестік тұрғынның суғаруға арналған моторын ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, егістік алқабынан суғаруға орнатылған моторын белгісіз адам ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 80 мың теңге көлемінде екені анықталды.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Ақпарат алысымен оқиға орнына жылдам жеткен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде тәулік ішінде күдікке ілінген ер адамның жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті түнгі уақытта егістік алқабынан моторды ұрлап кетіп, бас пайдасына сатып жіберген. Қолды болған мотор тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Тексеру барысында оның тағы бір ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру