Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды

Ақмола облысының 19 жастағы тұрғыны кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 мамырда кешкі сағат 17.45-те Целиноград ауданы ПБ-ға Талапкер ауылындағы үйлердің бірінің жанында жасы 26-ға жуық ер адамның мәйіті табылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобының құрамында Альфа лақап атты қызметтік итімен кинолог жіберілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қызметтік-іздестіру итінің көмегімен күдікті анықталды, ол осы елді мекеннің 19 жастағы тұрғыны, жәбірленушінің туысы болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру