Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде ардагерлер мен полицейлер марапатталды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде ардагерлер мен полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелеріне орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Шара алдында Маңғыстау облысы ПД бастығы Аян Дүйсембаев, ішкі істер органының ардагерлері және Полиция департаментінің жеке құрамымен қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органы қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Одан әрі де мерекелік шара департаменттің акт залында жалғасын тапты. Аян Дүйсембаев қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттап, шендерді, құрмет грамота, грамота және алғыс хаттарды табыстады.


Іс-шара соңы жеке құрамның күшімен дайындалған мерекелік концерттке ұласты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру