Ақмола облысының тұрғыны ұрланған картадағы ақшаны жұмсаған
Ақмола облысының тұрғыны ұрланған картадағы ақшаны жұмсаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қазанда Степногорск қаласының полиция басқармасына 54 жастағы жергілікті тұрғын банк картасы ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, ағымдағы жылдың 22-25 қыркүйегі аралығында белгісіз адам үйден банк картасын ұрлап кеткен, сонымен қатар картадан 64 мың теңге сомасында ақша жұмсаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Заводская ауылының 51 жастағы тұрғыны болып шықты. Қаскөйдің айтуынша, ол досымен – өтініш берушінің танысымен бірге оның үйінде қонақта болған. Алкогольді ішу кезінде ер адам картаны ұрлап алып, кейін дүкендерде сауда жасаған. Карта иесінің ұялы телефонына келген хабарламалар мен дүкендердің бірінде орнатылған қауіпсіздік камералары қаскөйді табуға көмектесті.
Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдеме (карта) тәркіленді.