Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны жұмыс орнында қолын жарақаттап алған

Ақмола облысының тұрғыны жұмыс орнында қолын жарақаттап алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қаңтарда Степногорск қаласының Полиция басқармасына жақын маңдағы ауылының 34 жастағы тұрғыны “оң қолының ашық жарасы” диагнозымен қалалық аурухананың қабылдау бөліміне түскені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Жедел-тергеу тобы зардап шегушінің қаладағы зауыттардың бірінің жұмыс орнында жарақат алғанын анықтады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабының 1-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру