Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 14 тонна зығыр тұқымын ұрлаған күдіктілерді ұстады

Ақмола полицейлері 14 тонна зығыр тұқымын ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 24 желтоқсанында Зеренді ауданының полиция бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің басшысынан арыз түсті. Кәсіпкер кәсіпорын қоймасының аумағынан 14 тонна зығыр тұқымы ұрланғанын хабарлады. Иесіне келтірілген материалдық залал 3 млн. теңгеден асты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері тұқым кәсіпорын аумағынан 10 күн ішінде жеңіл автокөлікпен шығарылғанын анықтады. Полицейлер екі күдіктіні ұстады, олар Көкшетау қаласының 26 және 36 жастағы тұрғындары болып шықты.

Аталған факті бойынша Зеренді АПБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру