Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі ер адам ақмолалыққа қоқан-лоққы көрсетіп, ақша талап еткен

Ақмолада екі ер адам тұрғынға қоқан-лоққы көрсетіп, ақша талап еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 ақпанда сағат 15.35 Бурабай ауданының ПБ полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан қорқытып алу туралы арыз келіп түсті. Алдын ала деректер бойынша, 3 ақпанда екі қаскүнем қоқан-лоққы көрсетіп, жәбірленушіден 400 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын талап еткен, сондай-ақ оның атына екі ұялы телефонды несиеге ресімдеген. Залалдың жалпы сомасы 693 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция құрылымының қызметкерлері күдіктілердің бірінің орналасқан жерін анықтады, ол Щучинск қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың екінші фигурантының орналасқан жері анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру