Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 200-ге жуық сертификатталмаған пиротехникалық өнімді тәркіледі

Ақмола полицейлері 200-ге жуық сертификатталмаған пиротехникалық өнімді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 күн ішінде Ақмола құқық қорғау органдары өңір аумағында “Пиротехника” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді. Оның басты мақсаты – өрттің, күйіктің және басқа да оқиғалардың себебі болуы мүмкін сапасыз пиротехникалық өнімдерді сатып алу салдарынан болуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Полиция қызметкерлері күн сайын сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді жаппай сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз рейдтік іс-шаралар өткізеді. Күн сайын базарлар мен жаппай сауда орындары тексеріліп, сертификатталмаған өнімді көтерме жеткізушілерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Патрульдік полиция жасақтардың автомобиль көлігімен пиротехникалық өнімдерді тасымалдаудың заңдылығын тексеру жөніндегі жұмысы жандандырылды.

Сонымен қатар балалар арасындағы жарақаттануды болдырмау мақсатында күнделікті тәртіптемелерде қоғамдық тәртіпті қорғау қызметіне кірісетін полиция жасақтарының, учаскелік полиция инспекторларының назары кәмелетке толмағандардың, оның ішінде оқу орындарының аумақтарында пиротехникалық өнімдерді пайдаланудың жолын кесуге аударылады.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) бойынша 20 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Баптың санкциясына сәйкес, бұзушыларға 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Айналымнан сертификатталмаған пиротехникалық өнімдердің 197 бірлігі алынды, сатушыларға 750 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру