Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғыны ұрлық қылмысының бетін ашқан тергеушіге алғыс білдірді

Қызылорда тұрғыны ұрлық қылмысының бетін ашқан тергеушіге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​Полиция қызметінің қатарында заңды тәртіпті қатаң қадағалап, азаматтардың құқықтарын қорғап, қызметін адал атқарып, еңбегі еленіп жүрген тәртіп сақшылары аз емес. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев: “Полиция тәртіп сақшысы екенін сөз жүзінде емес, іс жүзінде дәлелдей білуге тиіс”. Осы полиция саласының ауыр жүгін арқалап, халықтың сенімін биік қойған, жүктелген міндетін адал атқарып жүрген Қызылорда қаласы ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Бекнұр Секербекке жергілікті тұрғын Дариға Тлеугалиева өз алғысын білдірді.

– 2022 жылдың 14 желтоқсан күні өзім тұрғылықты мекенжайыма белгісіз адам ұрлыққа түсіп, алтын және бағалы заттарымды ұрлап кеткендігі жөнінде “102” арнасына арызданған болатынмын. Аталған ісім тергеуші Бекнұрға жолданып, арыз-шағымымды назарға алып, қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіп, кәсібилігінің арқасында жедел түрде ұрланған заттарымды дер кезінде тауып берді. Айтар алғысым шексіз. Расымен басымызға іс түскенде осы қызмет иелерінің көмегіне жүгінетініміз ақиқат. Күндіз де, түнде де, ыстық пен суықта да ел тыныштығын күзетіп, сапта жүретін жанкештілер осы полиция қызметкерлері, – дейді қала тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру