Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті

Астанада ІІМ орталық аппараты қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өткізілді. Мерекелік іс-шараға 500-ге жуық бала қатысты, олардың 300-і көпбалалы және толық емес отбасылардан, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

“Жастар театры” ғимаратында әртістер жас көрермендер алдында өнер көрсетті. Олар Күлше қыз хикаясын көрсетті. Әдемі киімдерімен балаларды ертегі атмосферасына жетеледі.

Мультфильм кейіпкерлері бүлдіршіндерге ұмытылмас эмоциялар сыйлады. Сонымен қатар балалар үшін Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру