Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер пиротехниканың заңсыз саудасын анықтап жатыр

Жамбылдық полицейлер пиротехниканың заңсыз саудасын анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы аумағында бұйымдарды заңсыз сату және пайдалану фактілерін анықтау мақсатында “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара барысында облыстағы сауда орындарында сертификатталмаған пиротехниаларды сату деректері тексерілуде. Яғни, от шашуға арналған заттарды лицензия болған жағдайда ғана сатуға болады. Лицензиясыз тауарлар сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабымен әкімшілік хаттама жасалады және материал қарау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі.

Алғашқы рейд жұмыстарының нәтижесіне сәйкес полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша бұзушылықтың 18 дерегі анықталып, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың 121 бірлігі алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру