Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ақша ұрлығының бетін ашты

Ақмола полицейлері ақша ұрлығының бетін ашты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қарашада Степногорск қаласының Полиция басқармасына 22 жастағы жергілікті тұрғыннан осы жылдың төрт қарашасында белгісіз тұлға банктің мобильді қосымшасы арқылы еркін қол жеткізу жолымен 44867 теңге сомасында ақша ұрлағаны туралы өтініш келіп түсті. Ақмолалық оны жәрдемақыны шешіп алу кезінде білген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол өтініш берушімен көрші болып тұратын бұрын сотталмаған 20 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, өтініш беруші қолжетімді соманы тексеру үшін танысының телефонына банктің мобильді қосымшасын орнатқан. Өз шотының жай-күйін тексергеннен кейін, жас жігіт банктік қосымшадан шықпай, телефонды танысына қайтарып берген.

Айта кету керек, өтініш берушінің бұған дейін  телефоны болмаған. Кейінірек мобильді қосымшада Степногорск қаласының 20 жастағы тұрғынына ақша қаражатының түскені туралы хабарлама келген. Телефонында қолжетімділігі сақталған мобильді қосымшаның көмегімен ол досына шамамен 45 мың теңге сомасында ақша аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қалауы бойынша жұмсаған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру