Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері автокөлік айдап кеткен СҚО тұрғынын ұстады

Ақмола полицейлері автокөлік айдап кеткен құқықбұзушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмыстарды ашты. 26 қыркүйек кезекші бөлімге Красный Яр ауылының 26 жастағы тұрғынынан белгісіз адам оның ВАЗ 2106 маркалы автокөлігін көлік тұрағынан айдап әкеткендігі туралы арыз келіп түсті. Шығын сомасы 400 мың теңгені құрады.

Сол күні облыс орталығының 27 жастағы тұрғынынан көлік тұрағындағы Daewoo Lacetti маркалы автокөлігінен терезесін бұзу арқылы автокөлік құжаттары мен картхолдер ұрланғаны туралы арыз келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Солтүстік Қазақстан облысы Келлеровка ауылының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Мас күйінде маска киіп, 26 қыркүйегінде шамамен сағат 03:00-де ер адам ВАЗ 2106 маркалы автокөлігінің терезесін сындырған, тұрақтан шығып бара жатып басқа автокөлікпен соқтығысқан. Ұрланған көлікті қалдырып, қаскүнем жақын жерде тұрған Daewoo Lacetti маркалы автокөлігіне жөнелді. Бұл машинаның да терезесін сындырып, ішіндегі құжаттарды ұрлап әкеткен. Содан кейін жол-жөнекей таксимен Келлеровка ауылына кеткен.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді заңсыз иелену) және ҚР ҚК-нің 384-бабының 2-бөлігі (Құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді заңсыз алып қою, ұрлау, жою, бүлдіру немесе жасыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру