Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері автоұрыны құрықтады

Ақмола полицейлері автоұрыны құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 17 тамызында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қоянды ауылының 64 жастағы тұрғыны жүгінді, ағымдағы жылдың 17 тамызында үйінің ауласынан белгісіз тұлға оның Audi маркалы автокөлігін ұрлап әкеткен. Шығын сомасы 800 мың теңгені құрады.

“Автомобиль” жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын ұрлық үшін сотталған 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам өз кінәсін мойындады.

ҚР ҚК 200-баптың 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. “Келу міндеттемесі” процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру