Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорскте екі дос пәтерді тонап, бөтен көлікті айдап кетті

Степногорскте екі дос пәтерді тонап, бөтен көлікті айдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Степногорск қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Ағымдағы жылдың 3 тамызында полицияға 51 жастағы қала тұрғыны 2021 жылғы 3 тамызға қараған түні белгісіз тұлғалар үйдің терезесінен екі ер адамға арналған платина сақинасын, ақша қаражатын ұрлап әкеткені туралы арызданған. Шығын сомасы 1 млн. теңгені құрады. Бұдан басқа, Suzuki маркалы автокөлік ұрланған, иесі оның құнын 11 млн.теңгеге бағалады.

“Автомобиль” жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған 23 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Жүк тасумен айналысатын екі дос оңай пайда табу мақсатында қала тұрғынын тонады. Пәтердегі көліктің кілтін алып, олар оны қала ішінде мініп, содан кейін көлікті саябақта қалдырып кеткен.

Күдіктілердің бірі Степногорск қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды. Ұрланған қаражатты зиянкестер жұмсап үлгерген. ҚР ҚК 200-бап 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) және ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік иесіне қайтарылды. Күдіктілер Степногорск қаласының УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру