Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жеке күзет ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

Ақмола полицейлері жеке күзет ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Іс-шара 2 маусымда Ақмола облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбековтың төрағалығымен өтті. Кездесу барысында күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Ерлан Мұстафин баяндама жасады. Ол “Күзет қызметі туралы” Қазақстан Республикасының Заңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер мемлекеттік органдарға өздеріне заңмен жүктелген міндеттерді орындауда көмек көрсетуге міндетті екенін атап өтті.

Іс-шарада осы жылдың басынан бастап күзет құрылымдарының қатысуымен 13 қылмыстың, оның ішінде ұсақ ұрлықтың 10 фактісі ашылғаны айтылды. Сонымен қатар, 253 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, қатысушылардың назарына күзеттегі объектілерден дабылдарды бірлесіп мобильді патрульдеу және қызмет көрсету тәжірибесіне енгізудің орындылығы туралы айтылды.

Іс-шарада күзет ұйымдары қызметкерлерінің кадрлық құрамының сапасына қатысты мәселелер қаралды. Айта кету керек, бүгінгі күні өңір аумағында 143 күзет ұйымы тіркелген, олар 1043 жеке күзет бекеттерін қою арқылы 566 объектіні күзетеді. Күн тәртібінде полиция қызметкерлері жеке күзет құрылымдарының басшыларын қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мүліктік қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелерін бірлесіп шешуге шақырды және бірқатар тиімді шешімдер қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру