Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қараусыз жүрген 60 бас ірі қара малдың иесіне айыппұл салынды

Павлодар облысында қараусыз жүрген 60 бас ірі қара малдың иесіне айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ертіс ауданының полиция бөлімімен күнделікті негізде қараусыз мал иелерінің алдын алу және әкімшілік жауапкершілікке тарту және малдың қатысуымен жол-көлік оқиғасының жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Қабылданған шараларға қарамастан, мал иелеріне тиісті бақылау жоқ, бұл көлік жолдарында жол-көлік оқиғаларына және мал ұрлығына әкеліп соғады.

– Мысалы, 2 маусымда сағат 15:00-де Ертіс ауданы Кеңес ауылы маңындағы Ленин – Русская Поляна автожолында 60 бас ірі қара мал еркін жайылып жүрген. Учаскелік полиция инспекторы оның иесін анықтады. Кеңес ауылының 52 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлігі бойынша 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, мұндай бұзушылықтарға жол бермеу бойынша әңгіме жүргізілді, – деп хабарлады Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру