Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жол инфрақұрылымының жай-күйіне жауапты 28 лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартты

Ақмола полицейлері жол инфрақұрылымының жай-күйіне жауапты 28 лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 19 шілде мен 18 тамыз аралығында жол қауіпсіздігіне жауап беретін облыстық полиция департаментінің бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде: өңір аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Полицейлердің осы кезеңдегі міндеті-жол қозғалысына қатысушылардың өрескел бұзушылықтарын анықтап қана қоймай, жолдардағы қайғылы оқиғалардың алдын алу.

Осы мақсатта әкімшілік полиция басқармасының бөлімшелері құзыретті органдардың өкілдерімен бірлесіп, екі апта ішінде Ақмола жолдарына 199 тексеру жүргізді. Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мұқият тексеруден өтті, елді мекендердегі көше-жол желісіне 149 тексеру жүргізілді.

Жол және коммуналдық қызметтерге жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары анықталған кемшіліктер мен оларды жою мерзімдері көрсетілген 199 нұсқама берді.

Тексеру нәтижелері бойынша жолдарды тиісті деңгейде ұстамағаны үшін 28 лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар-бұл жұмыс орындарында тиісті жол белгілерін қоймау, сондай-ақ теміржол өткелдерінде жол белгілерінің болмауы.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері авариялық-қауіпті учаскелерде 74 жол белгісі орнатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру