Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жыл басынан бері 30 мыңнан астам жол қозғалыс ережесін бұзғандарды анықтады

Ақмола полицейлері 2023 жылдың қаңтарында 30 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету Ақмола полицейлері қызметінің басым бағыттарының қатарында. Полиция департаментінің қызметкерлері жүйелі негізде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы осындай 5 іс-шара өткізілді. Оның ішінде 4 республикалық және 1 облыстық маңызы бар іс-шара.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында ЖҚЕ-нің 31617 бұзушылығы анықталды. Ең көп бұзушылықтарды жылдам жүруді ұнататындар жасаған.

ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабына (Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру) сәйкес 28340 жүргізуші белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды. 1199 азамат жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбағаны үшін жауап берді. Көлікті басқару кезінде 447 жүргізуші телефон пайдаланған. Қарсы жолаққа шыққаны үшін 13 жүргізушіге қатысты шаралар қабылданды. Жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермегені үшін көлік құралдарының 223 жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жаяу жүргіншілер 1197 бұзушылыққа жол берді. 140 азамат көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Мас жүргізушілерді анықтау облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында тұр.

– Ағымдағы жылдың қаңтар айында ғана полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысын бақылау барысында көлік құралдарын мас күйінде басқарған 198 жүргізушіні анықтады. Біз жүргізушілерді ақылға салып, ешбір жағдайда мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырамыз. Жол қателіктерді кешірмейді. Сізді үйде күтіп отырған жандар барын әрқашан есте сақтаңыз. Егер сіз ішімдік ішкен болсаңыз, өз өміріңізге және жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндіруден гөрі таксимен қажетті жерге жеткен дұрыс, – деп атап өтті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру