Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада ер адам 100 мың теңгенің тауарын ұрлап кетті

Ақмолада ер адам 100 мың теңгенің тауарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қыркүйек Целиноград ауданының полиция бөліміне ЖШС-ның бірінің директорының сол күні сағат 16:40 шамасында Талапкер ауылында сауда үйінде еркін қол жеткізу жолымен Gillette ұстара станоктарына арналған ауыстырмалы саптамалары бар 8 қаптама ұрланды делінген өтініші келіп түсті. Шығын сомасы шамамен 100 мың теңгені құрады.

Өтініш беруші түсіндіргендей, сатып алушылардың бірі қауіпсіздік қызметкерлеріне күдікті жас адам туралы айтқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды. Сауда үйінде орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу кезінде елорданың 29 жастағы тұрғыны киімінің қалтасына саптамалары бар 4 ораманы, қалғанын рюкзакқа тығып салғаны анықталды. Бұған дейін бірнеше рет сотталған 29 жастағы елорда тұрғыны бұл әрекетін мойындады.

Целиноград аудандық полиция бөлімінің анықтаушылары ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, қаскүнем ішкі істер органдарында «ұры-гастролер» санаты бойынша есепте тұр. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру