Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында көршісінің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті анықталды

Түркістан облысында көршісінің алтын бұйымдарын ұрлаған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, өзінің тұрғын үйіне белгісіз біреулер кіріп, жатын бөлмеде тұрған алтын бұйым әшекейлерін жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 3,5 млн теңгені құрады.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарына бірден кірісті. Нәтижесінде қырағы сайрамдық полицейлер тәулік ішінде күдікті ер азаматты анықтады.

Белгілі болғандай, күдікті ер азамат жәбірленушінің көршісі болып шықты. Әйелдің үйінен шыққанын көрген ол өз арам ойын жүзеге асырған. Қазіргі таңда қолды болған әшекейлер толықтай заңды иесіне қайтарылды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары күдіктіге қатысты тергеу амалдарын жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру