Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада ер адам көршісінің мотоциклін заңсыз мініп кетті

Ақмолада ер адам көршісінің мотоциклін заңсыз мініп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазанда сағат 17:59-да Целиноград ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінің 63 жастағы тұрғынынан арыз келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, сол күні сағат 14:00 шамасында белгісіз тұлға үйдің ауласынан Augi маркалы мотоциклді айдап әкеткен. Шығын сомасы 360 мың теңгені құрады.

Учаскелік инспектор Ернар Жұмабеков үй аралап, өтініш берушінің көршілерінен сұрастырды. Нәтижесінде аталған қылмысты “ізін суытпай” ашты. Қаскүнем жәбірленушінің 30 жастағы көршісі болып шықты, ол басқа көршісімен ұрысып, біреудің мотоцикліне отырып, кетіп қалған.

Е. Жұмабеков күдіктінің әпкесі Балкашино ауылында тұратынын біліп, ұры сол жаққа бара алады деп болжады. Учаскелік инспектор ауыл жолымен қажетті бағытта жүріп, Целиноград ауданы Отаутүскен ауылынан 37 шақырым жерде ер адамды ұстады. Мотоцикл иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша 200-баптың 1-бөлігі (Автомобильді немесе көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру