Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада кәсіпорын қызметкерінің денесінің 40%-ын күйік шалған

Ақмолада кәсіпорын қызметкерінің денесінің 40%-ын күйік шалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 сәуірде Аршалы ауданының полиция бөліміне Жедел басқару орталығының инспекторынан қалалық ауруханаға ауданның елдімекендерінің бірінің 42 жастағы тұрғыны қол және аяқтың 40% күйігімен жеткізілгені туралы телефондық хабарлама келіп түсті. Зардап шеккен адам қарқынды терапия палатасына жатқызылды.

Жедел-тергеу тобының ақпараты бойынша, ер адам 30 сәуірде кешкі сағат 20.00 шамасында кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеу кезінде өндірістік жарақат алған.

Ал зардап шегушінің айғақтары бойынша, қайғылы оқиға оның дәнекерлеу шамын абайсызда қолдануы нәтижесінде орын алды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабының 1-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру