Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада сотталған ағаш бұйымдары шеберлерінің өңірлік байқауында жеңіске жетті

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД Бұланды аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған ағаш бұйымдары шеберлерінің өңірлік байқауында бірінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Бұланды ауданында ағаш бұйымдары шеберлерінің облыстық байқауының бірінші кезеңі өтті. Өңірлік байқауында Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті Бұланды аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған қатысты.

Олардың тұрақты жұмыс орны болуымен, сотталған ер адам бос уақытында өзінің жақсы көретін кәсібімен айналысады, ағаштан дәстүрлі бұйымдар жасайды.

– Ағаштан бұйымдар жасау – бұл ұзақ, тынымсыз процесс. Тек бір қарағанда бұл қиын емес сияқты. Шын мәнінде, өндіріс процесінде ғана мүмкін болатын көптеген мен амалдар бар. Сонымен қатар осы жұмысқа үлкен шыдамдылық, табандылық және оң нәтижеге жету деген ынта керек, – дейді ол.

Аудандық байқауға барлығы алты ағаш шебері қатысты, байқау нәтижесі бойынша Ақмолалық ҚАЖД пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған үздік деп танылды және “Менің Отаным, менің Қазақстаным!” атты байқауыға қатысуға жолдама алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру