Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық бөгде адамның картасымен дүкендерде 50 мың теңгеге төлем жасаған

Ақмолалық бөгде адамның картасымен дүкендерде 50 мың теңгеге төлем жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қаңтарда Бурабай ауданының ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық туралы өтінішпен жүгінді. Өтініш берушінің жоғалған Каspi Gold банк картасымен белгісіз біреу қаланың сауда нүктелерінің бірінен жалпы сомасы 51 706 теңгеге төлем жасағаны анықталды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Көкшетау қаласының 64 жастағы тұрғынын анықтады.

Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру