Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер ауыл тұрғынына жоғалған бір отар қойын тауып берді

Ақмолалық полицейлер ауыл тұрғынына жоғалған бір отар қойын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы Зеренді ауданының тұрғыны өзіне тиесілі 40-тан астам қойды іздеп тауып берген полицейлерге алғысын айтып, аудандық полиция бөлімінің басшылығына бейне өтініш жолдады.

Ауыл тұрғыны жоғалған жануарларды іздеп тапқан учаскелік инспектор Жаслан Қапановтың жұмысын ерекше атап өтті. 15 мамырда хат авторынан аудандық полиция бөліміне 42 бас қойдың жоғалғаны туралы өтініш келіп түсті. Ауыл тұрғыны оған тиесілі малдың 13-15 мамыр аралығында Қошқарбай ауылының маңында еркін жайылудан жоғалып кеткенін түсіндірді. Шығын екі млн теңгеден астам соманы құрады.

Сәтсіз іздеулерден кейін азаматша полиция қызметкерлерінен көмек сұрады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында төрт іздестіру тобы бөлініп, түрлі бағыттарға аттанды, полиция қызметкерлері жақын маңдағы елді мекендерді, соның ішінде Өндіріс, Қарсақ, Айдарлы ауылдарын және басқа да көршілес жерлерді тексерді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 17 мамырда кешкі сағат 18.00 шамасында 42 бас қой жоғалған жерден 20 шақырым қашықтықта Бәйтерек ауылының маңынан табылды.

– Зеренді АПБ қызметкерлеріне отарды іздеуді ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін, кәсібилігі мен адамдардың проблемаларына аса жауапкершілікпен қарағандары үшін алғысымды білдіргім келеді, – деді бейнеүндеудің авторы.

Ауыл тұрғыны полицейлерге табыс, мықты денсаулық және отбасыларына амандық тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру