Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖ қызметкерлері шағын футболдан республикалық турнирде жеңімпаз атанды

СҚО бойынша ҚАЖ қызметкерлері шағын футболдан республикалық турнирде жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ ҚАЖК Оқу орталығында 17-18 мамырда ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын және спортты насихаттау, қатысушылардың шеберлігі мен спорттық біліктілігін арттыру. Аталмыш турнир Павлодар қаласында өткізілді. Турнирға барлығы 14 құрама қатысты. Қызметкерлер арасында спорттық турнирлар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Осындай сайыстар қызметкерлер арасындағы бірлікті, ептілік пен шыдамдылықты дамытуға зор үлесін тигізеді.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің құрама командасы, екінші орынды Ақмола облысы бойынша ҚАЖД құрама командасы, үшінші орынды Қостанай облысы бойынша ҚАЖД құрама командасы жеңіп алды.

Сайысқа төрелік еткен әділ қазылар алқасы жеке номинацияларға лайықты қызметкерлерді де назардан тыс қалдырмады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру