Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ қызметкерлері қан тапсырды

 ІІМ қызметкерлері қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері адамдардың өмірін құтқару ісіне тағы да өз үлестерін қосты.

Акция күні ведомствоның орталық аппаратының 40 қызметкері қан тапсырды. Қан орталығына 17,1 литр қан жіберілді.

Донорлық акция жылжымалы қан дайындау кешенінің базасында өткізілді. Жиналған барлық донорлық материалдар халыққа көмек көрсету үшін Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемелері желісінде қайта өңделетін болады.

Ішкі істер министрлігінің донорлары өздерінің ақысыз қан тапсыруға үнемі қатысуын мұқтаж адамдарға көмектесу ғана емес, сонымен бірге қайырымдылыққа мүмкіндігінше бей-жай қарамайтын адамдарды тартудың жолы деп түсіндірді. Ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін осындай донорлық акцияларға қатысу жақсы дәстүрге айналған.

– Тәртіп сақшылары қан тапсыру бойынша белсенді донорлар. Жыл сайын орталық аппараттың, аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері осы акцияға қатысады. ІІМ-де көптеген жылдар бойы өз еркімен қан тапсырып, мыңдаған адамның өмірін құтқаруға үлес қосып келе жатқан құрметті донорлар бар, – деп атап өтті ведомствоның эпидемиолог дәрігері Бақыткүл Мейірманова.

Солардың бірі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкері Қуаныш Тілекбаев.

– Өзімді өте жақсы сезінудемін. Менің қаным шынымен мұқтаж адамдарға пайдалы болады деп үміттенемін. Мен 2016 жылдан бастап ерікті түрде қан тапсырамын және мұны жақсы іс деп санаймын. Донорлық қанның арқасында елімізде мыңдаған адам өмірін сақтап қалады, – деді ол.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қанға деген сұраныс дәрежесін жақсы біледі. Ерікті түрде тапсырылған қан ауыр жарақат, жаралар мен операциялар, жаппай қан кету, қан аурулары және басқа да шұғыл жағдайларда адам өмірін сақтай алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру