Ақмолалық полицейлер із-түссіз жоғалған балықшыны тапты
Ақмолалық полицейлер із-түссіз жоғалған балықшыны тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жақсы ауданы Белағаш ауылының тұрғыны 18 қыркүйекте аудандық полиция бөліміне 17 қыркүйек күні сағат 12:00-де онымен бірге тұратын 65 жастағы тұрғын балық аулауға кетіп, қайтып келмегені туралы өтінішпен жүгінді.
Жоғалған ер адамды іздеуге Жақсы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы бағдарланды. 3 іздеу тобына бөлінген полиция қызметкерлері ауылдың айналасын, аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алды.
Ер адамды іздеу екі күнге созылды. 19 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында Жақсы ауылының маңынан полиция қызметкері Бегарыс Мырзамсейітов ауыл тұрғынын тауып алды. Алкоголь ішкен ер адам қараусыз қалған құрылыстың жанында ұйықтап жатқан. Ер адамды табуға балық аулауға барған велосипедтің іздері көмектесті.
Қазіргі уақытта зейнеткер үйінде, оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді.
Бірге тұратын адамды іздеуге көмектесуді сұраған ақмола тұрғыны полицейлерге алғыс айтып, оларға мықты денсаулық және қызмет бабында ілгерілеу тіледі.