Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер көлік ұрлығына қатысы бар жасөспірімді анықтады

Ақмолалық полицейлер көлік ұрлығына қатысы бар кәмелетке толмаған баланы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 маусым күні Целиноград аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 61 жастағы ер адам, Софиевка ауылында белгісіз біреу түнде үйдің ауласынан оған тиесілі Мitsubishi Lancer автокөлігін ұрлап кеткендігі туралы шағым түсірді, кілт тұтану орнында болған. Залал сомасы 1 млн теңгеден асты.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 200-бабы1-бөлігі (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында автокөліктің орналасқан жері анықталды. Көлік өртеніп кеткен. Полицейлер ұрлыққа қатысы бар 16 жастағы жасөспірімді анықтады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жазғы демалыс кезінде тәртіп сақшылары ата-аналардан балалардың көшеде 23:00 сағаттан кейін заңды өкілдерсіз жүрмеуін, бос уақытын ұйымдастыруға жауапкершілікпен қарауларын сұрайды. Демалыс кезінде балаларды пайдалы іспен белсенді түрде айналысуды сұраймыз. Қазір балалар үшін сауықтыру лагерлері жұмыс істейді. Әрбір балаларды сауықтыру лагерінде полиция қызметкерлері кезекшілік етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру