Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер көлік ұрыларын “ізін суытпай” ұстады

Ақмолалық патрульдік полиция взводының қызметкерлері көлік ұрыларын “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрланған көлік Степногорск тұрғынына қайтарылды. Ақмола тұрғыны полицейлерге бейне арқылы алғысын білдірді.

20 сәуірге қараған түні сағат 03:35 шамасында патрульдік полиция взводының қызметкерлері көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында көлікті іске қоса алмағандықтан итеріп жатқан белгісіз адамдарды байқаған. Бұл ретте полиция көліктің сынған оң жақ алдыңғы терезесіне назар аударды. Патрульдік көлікті көрген белгісіз адамдар қаша бастаған.

Күдіктілердің бірін полиция оқиға орнында ұстады, қалған екеуі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды.

Автокөлік басқа ауланың аумағынан ұрланғаны алдын-ала анықталды. Автокөлік иесінің өзі біреулер түнде оның көлігін ұрламақ болғандары туралы тәртіп сақшыларынан білді. Қазіргі уақытта полиция басқармасы болған оқиғаның мән-жайын анықтауда, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру