Ақмолалық тұрғын ірі ақшалай несие рәсімдеп, алаяқтарға аударды
Ақмолалық тұрғын ірі ақшалай несие рәсімдеп, алаяқтарға аударды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыс Бурабай ауданында 29 маусымда тіркелді. Щучинск қаласының 40 жастағы тұрғынының айтуынша, 27-28 маусым аралығында оның ұялы телефонына белгісіз ер адамнан қоңырау келіп түскен. Ол өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, өтініш берушінің атына үшінші тұлғалардың несие рәсімдеуге тырысқаны туралы хабарлады.
Қоңырау шалушыға сеніп қалған ақмолалық тұрғын жалған қызметкердің барлық нұсқауларын орындап, ақшалай несиені өз бетінше рәсімдеп, қаражатты аферист көрсеткен шотқа аударды.
Тек келесі күні ер адам алаяқтықтың құрбаны болғанын түсініп, бірден полицияға жүгінді.
Аталған фактіге сәйкес полиция қызметкерлері ҚР-ның 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.