Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан колониясына жеке кәсіпкер 8 телефон алып кірмек болған

Нұр-Сұлтан колониясына жеке кәсіпкер 8 телефон алып кірмек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/5 мекемесіне жеке кәсіпкер тыйым салынған заттарды алып кірмек болған. Яғни, ол мекемеге құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін алып келген бөшкенің ішіне 8 телефон, телефон қуаттағыш, sim-карталар, құлаққап және т.б. заттарды жасырып, сотталғанға кіргізбек болған. Алайда режим және жедел бөлімінің қызметкерлеріне келіп түскен ақпаратқа сәйкес аталған тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтіп кетудің алды алынды.

– Бүгін біз мекемеде жазасын өтеушілердің қолдарына тыйым салынған заттардың түсуін алдын алып қана қоймай, жаңа қылмыстарды да болдырмаймыз. Мысалға, мекемеде жазасын өтеушілер ұялы телефон арқылы алдау, бопсалау деген сияқты көптеген қылмыс жасаулары мүмкін, – деді департамент бастығы Д. Рақымбеков.

Аталған жайыт бойынша Аршалы кентінің полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Қазіргі таңда аталған тыйым салынған заттар қай сотталғанға алып келінгені жайында анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Анықталған жағдайда, ол азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жазаға тартылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру