Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған 19 жүргізуші анықталды

Маңғыстау облысы аумағында 27 маусым мен 3 шілде аралығында “Заңсыз тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мақсат — облыс көлемінде жолаушыларды заңсыз тасымалдап жүрген көлік құралдарын анықтау, жолын кесу.

Рейдтік іс-шара барысында заң талаптарын бұзған бірқатар жүргізуші анықталды. Оның ішінде тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқан, осындай әрекеттердi жүзеге асырған 19 жүргізуші болды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша хаттамалар жасақталды.

Маңғыстау облысы ПД жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру