Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады

Ақтөбелік полицейлер “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27-30 маусым аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері қоғамдық көлік пен такси жүргізушілері тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты күшейтті.

Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде автобус және такси жүргізушілері жол берген 336 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде тасымалдау ережелерін бұзудың 97 дерегі тіркелді. Көлік басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланған 44 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзған 49 жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру