Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тұрғын қызғаныштан қарсыласын соққыға жықты

Ақмолалық тұрғын қызғаныштан қарсыласын соққыға жықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 сәуірде Бурабай ауданының полиция бөліміне аудандық аурухананың стационарына 39 жастағы жергілікті тұрғын “ЖБМЖ, мидың шайқалуы, маңдай аймағының жарақаты, беттің үстіңгі жарақаты, бастың түкті бөлігінің теріасты гематомасы, оң жақтағы жақтың төменгі жабық сынуы” диагнозымен түскені туралы телефон хабарламасы келді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дене жарақатын салған күдікті анықталды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған Щучинск қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қаланың ойын-сауық орынында әйелдің бұрынғы және қазіргі танысы арасында қызғаныштан жанжал туындағаны белгілі болды.

Нәтижесінде күдікті жәбірленушні соққыға жыққан.

Аталған факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК 107-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру