Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақсақал полиция бөліміне арнайы келіп, өзінің алғысын жеткізді

Ауыл қариясы жоғалған жылқыларының табылғанына ризашылығын Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Сарыағаш АПБ-нің кезекшілік бөлімінің қызметкерлеріне алғысын келіп білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Сарыағаш АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан арыз түседі. Арызданушы жайылымдық жердегі 12 бас жылқысының ұшты-күйлі жоғалып кеткенін айтады. Аталған арыз аудандық полиция бөліміне тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалады. Жәбірленушіге қария кісінің айтуы бойынша 4 миллион 800 мың теңгедей шығын келген.

Жоғалған жылқыларды тез арада табу үшін аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі полицейлерінен бірнеше мобильдік топ құрылады. Олар  ауылдың шығар жерлерін тексеріп, жылқылар көптеп жайылатын аймаққа қарай бағыт алып іздестіруді жалғастыра береді. Ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан сұрақ-жауаптар алады, сонымен қатар мал базарлар мен мал тасымалдайтын көліктер де тексеріледі.

Нәтижесінде білікті полицейлер алыс жайылымдық жерден жылқы үйірін бір күннің ішінде тауып. Осылайша жоғалған 12 бас жылқы иесіне тапсырылды. Жылқылар жоғалған сәттен бастап жедел әрекет етіп, ұры-қарының қолына түспеуіне септігі тиген полицейлерге жәбірленушінің айтар алғысы шексіз.

«Тәртіп сақшылары полиция майоры Б.Сарыбаев, учаскелік полицейлер полиция майоры Б.Уалиев пен полиция капитаны И.Ишматовтардың күндіз-түні іздестіруінің арқасында 12 бас жылқымды тауып берді. Тәжірибелі полицейлердің арқасында ұры-қарыға жем болмай жылқыларым дін аман өзіме қайтарылды. Бастапқыда полицияға хабар бермей өздігімізден іздеп, таба алмаған болатынбыз. Полицейлерге рахмет, өмір жастарың ұзақ болсын. Еңбектерің еленсін…»,- деді полиция бөліміне келіп, басшыларға полиция қызметкерлерінің еңбегін айтып, ризашылығын жеткізген ақсақал.

Өз кезегінде облыс полицейлері мал жайылымында малдарды қараусыз қалдырмауға және ұқыпты болу керектігін айтады. Сондай-ақ мал тұрағының шаруашылық жайы мұқият бекітіліп, қажетінше ен салынып, таңбалануы тиіс. Мал қораларды да жақсылап қоршап, бекітіп, жарықтандырған жөн. Төрт түлік жоғалса немесе ұрланса, уақыт жоғалтпай полиция бөліміне тез арада хабарласыңыз.

Егер де сіз кез-келген қылмыстық оқиғаның куәгері немесе құрбаны болсаңыз, онда тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру