Ақшаңды көбейтіп беремін: шымкенттік тұрғын алаяққа алданып қалды
Бір күнде ақшаңды 50 пайызға көбейтіп беремін деп, шымкенттік алаяқ тұрғынның 150 мың теңгесін иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 12 шілдесінде Қаратау АПБ-на жергілікті жердің тұрғынынан арыз келіп түскен. Онда, белгісіз азаматша WhatsApp арқылы ақшасын бір күнде 50 пайызға көбейтіп беремін деп, 150 мың теңге ақшасын аудартып алып, осы күнге дейін ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен.
Қаратау АПБ Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының тұрғынын анықтап, жеткізді. Ұсталған азаматшаның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.