Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақсуда ауызекі жанжалдың аяғы төбелеске ұласқан

Ақсу қаласында ауызекі жанжалдың аяғы төбелеске ұласқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қараша сағат 22:05-те полицияға Ақсу қаласының 28 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 31 қазан сағат 01.00-де Павлодар қаласында Торайғыров көшесіндегі үйдің жанында бес жігіт оған дене жарақатын салғанын хабарлады. Жәбірленуші түсіндіргендей, бұрын таныс емес балалармен  ауызекі жанжал болған, түбі төбелеске айналған. Нәтижесінде ер адам ауруханаға жатқызылды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері оқиғаның 18-29 жастағы барлық қатысушыларын анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Айта кету керек, Павлодар облысының аумағында биыл 24 бұзақылық фактісі тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 49%-ға төмен. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1018 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру