Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтау полицейлері велосипед ұрлығын ашты

Ақтау полицейлері велосипед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қарашада Ақтау қаласының Полиция басқармасына қаланың 37 жастағы тұрғыны арызбен жүгінді. Оның айтуынша, 10-шағын аудандағы көпқабатты үйдің дәлізінен белгісіз адам 50 мың теңге тұратын велосипедті жасырын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру