Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайлық полицейлер тұрғынның жоғалған жылқысын тауып берді

Жетісайлық полицейлер тұрғынның жоғалған жылқысын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне Ынтымақ ауылының тұрғыны шағымданады. Ер адамның айтуынша, оның қорасында байланып тұрған бір бас тайы белгісіз жағдайда шығып кетіп жоғалған. Аталған жүйрік аттың бағасы 300 мың теңгеден асады. Өзі 4 күн бойы ары-бері іздеп таба алмағаннан кейін, полицейлерден көмек сұрайды.

Хабар алысымен тәжірибелі тәртіп сақшылары әрекет етіп, іздеуге кіріседі. Куәлардан жауап алып, жақын аумақтарды аралайды. Жол талғамайтын қызметтік көлікпен тау-тасты мұқият қарап шығады. Соның нәтижесінде көрші ауылдағы басқа жылқылардың арасынан тұрғынның жоғалған жылқысын тауып берді.

– Полицейлерге көп рақмет! Жоғалған жылқымды бір тәулік ішінде тауып берді. Негізі бірінші өзім іздеп шығып едім, менің іздеуім сәтсіз болды. Ал полицейлер өз істерінің нағыз маманы екендіктерін дәлелдеді. Жетісайлық тәртіп сақшыларына рақметімді айтамын, – деді жүйрік аттың егесі Баймахан Қыдырбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру