Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтау қаласы жолдарында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

Ақтау қаласы жолдарында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған көлік жүргізушілері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жолдардағы тәртіпті сақтамаған құқық бұзушылар әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде байқалды.

“Mercedes-Benz 500” және “Nissan Armada” автокөліктерінің жолда құқық бұзушылық жасағаны патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің көзіне түспегенмен, бейнебақылау камераларындағы жазбалар құқық бұзушыларды анық көрсетіп берді.

Сол арқылы жол сақшылары көлік иелерін анықтап, ҚР ӘҚБтК 599, 612 және 601-баптары бойынша хаттамалар толтырды.

Ал кезекті “Mitsubishi Galant” автокөлігінің жүргізушісі қаланың орталық көшелерінің бірінде өзге көліктерге авариялық ахуал туғыза отырып, жол қозғалысы ережелерін мүлде елемеген. Бұл жүргізушінің де жеке басы анықталды. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК сай 595, 606 және 612-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Үш автокөлік те айыптұраққа жабылып, жүргізушілерге құқық бұзушылықтарына сай айыппұлдар салынды. Жүргізушілерден, әсіресе жас жүргізушілерден көлік басқару кезінде саналы түрде жол қозғалысы ережелерін бұзбауларын сұраймыз. Жолдағы бұл әрекеттеріңізден оқыс жағдайлар орын алған жағдайда, өзіңіздің және өзге жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіретіндеріңізді естен шығармаңыздар, – деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру