Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері қарағандылық алаяқты ұстады

Ақмолалық полицейлер қарағандылық алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Зеренді ауданының 26 жастағы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмыстық құқық бұзушылықты ашты.

17 мамырда белгісіз тұлға алдау жолымен 80 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденді.

Өтініш беруші OLX хабарландыру сайтында берілістер қорабын тиімді бағамен сату туралы хабарландыру тапқанын түсіндірді. Хабарландыру авторымен жәбірленуші сатып алу туралы келісіп, 80 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем жасады. Осыдан кейін ер адам байланысқа шықпады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған, Қарағанды облысының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру