Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда ресейлік көлікті тіркеп беремін деп тұрғынды алдаған күдікті ұсталды

Ақтауда ресейлік көлікті тіркеп беремін деп тұрғынды алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

2021 жылы наурыз айында алаяқ жәбірленушіге тиесілі Toyota Ipsum автокөлігін Ресей есебінен шығарып, ҚР-ға тіркеп беремін деп ақшасын алып, кейін уәдесінде тұрмаған. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын сомасы – 1,4 млн теңге.

Ақтау қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлерімен 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Аталмыш дерек СДТБТ-да ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру