Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Ақтөбе облысы ПД-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

3 шілдеде Ақтөбе облысы полиция департаментінде жеке құрамның қатысуымен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жиналыс өтті.

Жиын барысында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ырғызбай Кенжеханов қызметкерлерге қызметтік әдеп нормаларын ұстану, халықпен жұмыста үнемі үлгі болу, иығына жүктелген жауапкершілік салмағын айқын сезіну туралы ақыл-кеңестерін айтса, департаменттің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Артур Абдрешов қатысушыларға жеке тәрбие жұмыстарына ерекше мән беру, заң талаптарын қатаң сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын түсіндірді.

Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері  2026 жылғы 12 маусымда Мемлекет басшысы қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндады. Полиция қызметкерлеріне  қабылданған түзетулердің негізгі бағыттары, атап айтқанда, қылмыстық және әкімшілік заңнамадағы жаңашылдықтар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік тетіктері және мемлекеттік қызметшілерге жүктелген жаңа міндеттер жөнінде ақпарат берілді.

Жиын қорытындысында қатысушылар қызметтік міндеттерді адал атқарудың, заң пен тәртіп қағидаттарын бұлжытпай сақтаудың маңызы мен жауапкершілігіне қатысты ой-пікірлерін жеткізіп, ұсыныстар айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру