Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ҚАЖД-да мереке қарсаңында жас қызметкерлер ресми түрде ант қабылдады

Ақтөбе облысы ҚАЖД-да мереке қарсаңында жас қызметкерлер ресми түрде ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне орай, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде өткен салтанатты іс-шараға ҚАЖ департаментінің басшылығы, сала ардагерлері, мекеме бастықтары және жеке құрам қатысты.

Саптық алаңға мемлекеттік ту әкелініп, әнұран шырқалып, ҚАЖД басшылығы жеке құрамды атаулы мерекемен құттықтағаннан соң, ішкі істер органдарына алғаш рет қызметке қабылданған 14 жас қызметкер ресми түрде ант қабылдады.

Салтанатты шарада Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Республика күнін мерекелеуге байланысты мерзімінен бұрын әділет майоры шені Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Динара Төлеуоваға тапсырылды.

“Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төсбелгісімен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі Самұрад Әлібиұлы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ грамотасымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №2 Мұғалжар аудандық пробация қызметі бөлімшесінің инспекторы Нұрқанат Молдағазиев марапатталды. Сонымен қатар Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Дәурен Отаралинге алғыс жарияланды.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен 1-ші дәрежелі мінсіз қызметі үшін медалі Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №9 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы Асан Кужахметовке, ал 3-ші дәрежелі мінсіз қызметі үшін медалі Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №8 мекемесі жедел бөлімінің жедел уәкілі Арслан Жалгасов және Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №8 мекемесі сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы Нұрсұлтан Рахметовке табысталды.

Сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен бірқатар ҚАЖ қызметкерлері грамоталармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру